НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрлар ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз кинотеатрлардың қызметін жандандыру бағытында жұмыс жүргізудеміз. Қазір жағдайды бағалап, тиісті мекемелермен және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеудеміз. Театрларға берілген жеңілдіктерге ұқсас нақты ұсыныстар бар", – деді Цой онлайн баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Қазақстанда кинотеатрлардың жабылғанына жарты жыл болды. Шығынға батқан бизнесмендер банкротқа ұшыраудың алдында тұрғанын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз: Актер Асылхан Төлепов отандық кино саласының былығын әшкереледі