Өңірлер

Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Алматыдаағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды. 

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер тек ақша, әйелдердің күзен тоны, алтын бұйымдар, баскиім, ноутбук, сөмке ​​және басқа да құнды тұрмыстық заттарды қолды еткен, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Күдіктілер Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген. Домофон қоңырауына ешкім жауап бермесе, кіреберістерге, содан кейін үйдің ішіне кірген", – деді Алматы қаласының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Айтуынша, олар кешкі уақытта шамы өшірулі пәтерлерді таңдаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматтардың осыған ұқсас 12 қылмысқа қатысы бары дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("ұрлық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілердің Алматы қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтар
0