Экономика

Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги тенге монеты
Деньги тенге монеты  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржыны ең көп игермеген өңірлер: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 20 миллиард теңгені игермеген. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,8%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 99,5%-ке атқарылды. 

"Республикалық бюджеттің шығыстары 10 триллион 272 миллиард теңгені құрады. 26 миллиард теңге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 6 миллиард теңге, игерілмегені – 20 миллиард теңге", - деді Жамаубаев үкімет отырысында. 

Министр республикалық бюджетті игермеген орталық мемлекеттік органдарды атады. Олар: мәдениет және спорт министрлігі, Бас прокуратура, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. 

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыс актілерін ұсынбау, карантинге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу. 

"Осыған орай орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жоспарланған қаражатты ғана емес, сондай-ақ үкімет резервінен бөлінген ақшаны да игеруді жеделдетуі қажет. Пайдаланылмаған резервтік ақшаны жыл соңына дейін бюджетке қайтаруға тура келеді", - деді ведомство басшысы. 

Айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,6 триллион теңгені құрады. Атқарылмағаны - 30 миллиард теңге. 

Биыл өңірлерге 2,3 триллион теңге нысаналы трансферттер көзделген. 

Алдын ала мәліметтер бойынша оларға 1 қазанға 1,5 триллион теңге бөлінді. Оның ішінде 99,5%-і игерілген. 8 миллиард теңге атқарылған жоқ. Оның 2 миллиард теңгесі үнемделген ақша, 6 миллиард теңге игерілмеді", - деді ол. 

Қаржыны ең көп игермеген өңірлер: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы.

Жаңалықтар
0