Қоғам

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық көз жұмды

© REUTERS / HEO RANОңтүстік Кореяның полициясы
Оңтүстік Кореяның полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті полицияның алдын ала ақпараты бойынша, олар жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық жұмыс орнында жарақат алып қаза болды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі олардың денесін елге жеткізу үшін тиісті шараларды қабылдайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 12 қазан күні болды. Қазақстанның екі азаматы – Түркістанның 20 жастағы тұрғыны мен 50 жастағы елордалық әйел Оңтүстік Кореяда көз жұмған.

"Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша, олар жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жарақат алып, қаза болған. Бұл жағдайлар бойынша тергеу басталды", - деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстанға.

Белгілі болғандай, олар Кореяда заңсыз жүрген.

Ведомствоның ақпаратынша, марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылды.

Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжатты рәсімдеп, азаматтардың денесін елге жеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Жаңалықтар
0