Қоғам

Қандай жағдайда алматылық кәсіпорындар қызметіне шектеу қойылатыны белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы осенью с высоты птичьего полета
Виды Алматы осенью с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір бизнес нысандарының санитарлық шараларды сақтамауы салдарынан әкімшілік айыппұл салу бойынша Алматы көш басында тұр

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қалада қандай жағдайда кәсіпорындар қызметі шектелетінін айтты.

"Егер тәулігіне 200 адам инфекция жұқтыратын болса, онда кәсіпорындардың жұмысын шектеу бойынша шаралар қарастырылатын болады. Әрине, бұлай болғанын ешкім қаламайды. Себебі, бұл қала экономикасына теріс әсер етеді. Сонымен қатар коронавирустың таралуын болдырмау үшін барынша оқшаулану қажет", – деді Әбілшайықов.

Айтуынша, инфекция алматылықтардың санитарлық шараларды сақтамауынан таралады. Сол сияқты шетелден келмейтіндігіне де еш кепілдік жоқ. Ол қала тұрғындарының бетперде тақпайтынын және әлеуметтік арақашықтық ережелерін елемейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, Әбілшайықов 2020 жылдың 5 шілдесінен 9 қазанға дейінгі аралықта Алматыда әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 4 мыңға жуық хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Оның ішінде нысандарда 109 миллион теңгеге 1 200 айыппұл салынып, жеке тұлғаларға 125 миллион теңгеге 2 600-ден астам хаттама толтырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

Айта кетейік, карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (1 АЕК – 2 778 теңге) мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 600 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жаңалықтар
0