НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылысы 2021 жылы аяқталады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
БАӘ-ге жұмыс сапары барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов пен әділет министрі Марат Бекетаев үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад Әл Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим Әл Магрибимен, жоба директоры және "Aldar Properties" компаниясының бақылау жөніндегі директорымен кездесті.
Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы "Абу-Даби Плаза" құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті.
"Кездесуде Covid-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отырғаны белгілі болды", - деп жазды әкімдік сайты.
Айтпақшы, сауда және ойын-сауық орталығы, қонақ үй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысаны 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды.
Оқи отырыңыз: Елордада 40-тан астам құрылысшы "Nur Otan-ға" әділдік іздеп келді
Сонымен қатар сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және тағы басқа саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.