Америкалық қарсы барлау офицерінің мәлімдемесі Дональд Трамптың АҚШ-та коронавирус инфекциясына қарсы вакцина президенттік сайлаудан кейін ғана пайда болатынын мойындаған мәлімдемесімен бір мезгілде шықты.
Алайда ол мұны сыртқы саяси бәсекелестердің қулық-сұмдығымен емес, кейбір ішкі саяси қарама-қайшылықтармен байланыстырып түсіндірді. "Менің ойымша бұл (вакцина - ред.) сайлауға дейін болуы керек, бірақ оған саясат араласып жатыр. Жарайды. Олар өз ойынын ойнағысы келеді. Вакцина сайлаудан кейін бірден болады", - деді ол.
Өтемақы ретінде президент америкалықтарға COVID-19-ды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді тегін беруге уәде етті, ол бұл препараттарды вируспен ауырған кезде қабылдаған. Көптеген азаматтың қалтасы көтере бермейтін АҚШ-тың денсаулық сақтау жүйесі үшін бұл өте қуатты бастама.
Соған қарамастан, Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесін шынымен де PR түріндегі өтемақы ретінде қабылдауға болады, өйткені вакцина тақырыбы және оның сайлауға дейін пайда болуы Трамптың сайлауалды кампаниясының маңызды бөлігі болған еді.
Ақ үй препаратты әзірлеу үшін он екі миллиард долларға жуық қаражат бөлді, ол тиісті бейіні бар отандық және шетелдік ұйымдар арасында таратылған. Мысалы, америкалық биотехнологиялық Novavax компаниясы 1,6 миллиард доллар болатын қаржыға қол жеткізді.
Алайда, АҚШ әкімшілігі (және жалғыз ол ғана емес) британдық-шведтік AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті бірлесіп жүзеге асыра бастаған әзірленімдерге үміт артты. Бірақ, үлкен үміт ақталмай қалды, себебі жасалған препараттың қауіпсіздігіне қатысты күрделі сауалдар туындай бастады.
Жалпы алғанда, ресейліктерде ешқандай вакцина жоқ болуы мүмкін. Бұл туралы да NCSC директоры айтты. Сондықтан, ол өз басшылығының жүйке жасушаларын сақтау үшін америкалық қарсы барлау қызметіне бірнеше күннен кейін Ресейде екінші препарат тіркелетінін, оны "Вектор" орталығы ұсынып отырғанын хабарламаған дұрыс болар.
Алайда, аталған оқиғаға ғаламдық тұрғыда көз салсаңыз, бұл Вашингтонның өзінің кез-келген сәтсіздігіне Мәскеуді кінәлап шығатын әдетінен анағұрлым тағылымды көрінеді.
Вакциналардың әлемдік жарысында жеңіске жету Вашингтон үшін Дональд Трамптың сайлауалды науқанының бір бөлігі ретінде ғана емес, АҚШ-тың дүниежүзіндегі мызғымас гегемониясының символы ретінде де маңызға ие болды. Бұған дәлел – Американың әлемдегі ең дамыған, технологиялық және ғылыми тұрғыда ілгері кеткен, мүмкіндігі орасан, барлық сала бойынша қуатты ел болып қалуы.
Қаржы факторы дәстүрлі түрде АҚШ-тың әлемдік көшбасшы ретіндегі мәртебесінде маңызды рөл атқарды. Оның күні бүгінге дейін әлемнің баспа машинасына иелік етуі оның үстемдігіне негіз болатын тетіктердің бірі болып саналады.
Вашингтонның бүкіл әлемдегі компанияларға вакцина әзірлеу үшін айрықша жомарттықпен жұмсаған қаржысы одан екі, үш, тіпті он есе көп болуы мүмкін еді. Ақыр соңында, америкалықтар оған шынымен де қол жеткізе алуы мүмкін.
Бір жағынан, бұл айтарлықтай әсерлі, бірақ екінші жағынан, бұл сәтсіздіктің ауқымын ғана көрсетеді. Себебі, мұндай жағдайда, 50 доллар да, тіпті 100 миллиард доллар да ештеңені өзгертпейтін еді: кейбір мәселелерді тек ақшаның көмегімен шешу мүмкін емес.
Соңғы жылдары АҚШ өзінің әлемдік үстемдігін қамтамасыз ететін үйреншікті құралдардың үнемі сәтсіздікке ұшырай бастағанына көз жеткізіп келеді. Америкалықтар өздері басқарып үйреніп қалған сыртқы саяси кіші серіктестер мен халықаралық ұйымдар бақылаудан шығып кетті. Дамыған технологиялар қажетсіз технологиялармен жұмыс істеу тиімділігін жоғалта бастады, оларға түрлі түсті революцияларды жатқызуға болады.
Енді міне, келесі қоңырау, егер дабыл қағылмаса, доллар да құдіретті емес екенін еске салып отыр.