АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Халықаралық рейстердің алты жолаушысынан коронавирус анықталды. Бұл жайында елдің көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
6-12 қазан аралығында халықаралық рейстермен 14 578 жолаушы келді. Оның ішінде 11 966 адам коронавирустың бар-жоғын тексеруден өткен, ал қалған 2 596 адамда анықтама жоқ.
"Халықаралық әуе рейстерімен келген 2 596 адам ПТР тест тапсырып, коронавирус бар-жоғын анықтау үшін екі күндік карантинге орналастырылды. Әр түрлі рейспен және әр күнде келген 2 596 адамның арасында алты қазақстандықтан коронавирус анықталды", – деді Байғабылов.
Оның айтуынша, үш жолаушы Алматыда (10 және 12 қазанда келген), бір адам Нұр-Сұлтанда (9 қазанда келген) және екі адам Шымкентте (11 қазанда келген).
Инфекция ошақтарында індетке қарсы жұмыстар жүргізілді.
Бұған дейін 12 қазанда таңертең Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталғаны туралы хабарланды.
Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты
Айта кетейік, 6 қазаннан бастап Қазақстанда коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтамасы жоқ шетелдіктерге кіруге тыйым салынды.