Әлем

Ауырған атасын өлдіге санаған: Ресейде COVID-19 диагнозымен "тірі адам" жерленді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуКладбища в период карантина
Кладбища в период карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейін белгілі болғандай, ауруханаға қарттар үйінен екі науқас жатқызылады, алайда дәрігерлер жазылып шыққан науқасты басқа біреудің төлқұжатымен рәсімдеп жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Кемерово облысындағы Ленинск-Кузнецкий ауданының Шабаново ауылында тұратын бір отбасы коронавируспен ауырған атасын өлдіге санаған. Кейінірек оның тірі екендігі белгілі болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған фактіні тексеріп жатыр.

Кузбасс ауылы тұрғындары мүгедектерге арналған интернатта тұрған егде жастағы туысын коронавируспен ауырғандықтан, жабық табытқа салып жерлегенін айтады.

"Алайда, бір аптадан кейін қарияның тірі екендігі белгілі болды. Осылайша, COVID-19 вирусынан жазылып шыққан адамның кім екенін анықтау үшін қарттар үйіне оның туыстары шақырылады. Кейіннен анықталғандай, ауруханаға қарттар үйінен екі науқас жатқызылады. Бірақ дәрігерлер қателесіп, емделіп шыққан науқасты аруханадан басқа біреудің төлқұжатымен шығарған екен", – делінген ақпаратта.

Кузбасс денсаулық сақтау министрлігі РИА Новости агенттігіне хабарлағандай, қазіргі кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқасқа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ресми тексеріс жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мен сарапшылардан құралған комиссия барлық медициналық мекемеде болып, коронавирус жұқтырған науқастардың қалай емделіп жатқанын тексерді.

Оқи отырыңыз: Өлді деп ойлаған: полиция желіде тараған қарт әжейдің суретіне қатысты түсініктеме берді

Сонымен қатар, екі қарияға медициналық көмек көрсетуге қатысқан барлық медициналық ұйымның құжаттары сұралды.

Жаңалықтар
0