Қоғам

Қазақстанда күн жылынады

© Sputnik / Владислав ВодневКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Республиканың кей аймақтарында ғана жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. 13-15 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте елдегі ауа райы антициклонның ықпалында болады.

"Антициклонның әсерінен елде күн ашық болады. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарына Солтүстік циклон әсер етеді, ауық-ауық жауын-шашын күтіледі, көбіне жаңбыр жауады", - деп мәлімдеді синоптиктер.

Жалпы, республикада ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, кей жерлерде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. 

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жауын-шашын болмайды, түнде 0 + 5°C, күндіз + 12 + 15°C.
  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы + 2 + 4°C, күндіз + 15 + 17°C жылы.
  • Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде сынап бағанасы + 5 + 7°C, күндіз + 20 + 22°C көрсетеді.
Жаңалықтар
0