Қоғам

"Пәтерді жалға беретіндер абай болуы тиіс": ішкі істер министрлігі ескерту жасады

© Photo : ming daiЧеловек открывает дверь
Человек открывает дверь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Көрші елден келіп, жеке меншік тұрғын үйді жалға алған шетел азаматы есірткі өндіретін зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі пәтерді жалға беретін адамдарға ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, Қарағанды облысында синтетикалық есірткі жасаған шетел азаматы ұсталды. Ол көрші елден келіп, тұруға ықтияр хат алған. Одан кейін жалға алған жеке меншік үйде есірткі жасау зертханасын ашып алған.

"Оны ұстау кезінде 750 грамм дайын синтетикалық есірткі тәркіленді. Соның бәрін құпия жерде тығып, ірі партиямен сатпақшы болған. Ал тұрғылықты жерін тінту кезінде химиялық сұйықтық, канистрлер, сондай-ақ, барлық қажетті құрал-жабдықтар табылды", – деді Әмірханов онлайн брифингте.

Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізілуде. Осы қылмысқа басқа адамдардың қатысты бар ма, жоқ па, соның бәрі тексеріліп жатыр. Күдіктінің өзі кінәсін мойындады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5-6 келіні құрап отыр.

"Осы есірткінің бір грамы 15 000 теңге тұрады. Сонда тәркіленген заттың жалпы құны, шамамен, 76 миллион теңгені құрайды. Бұл – ірі партия. Осы орайда ел азаматтарына ескерту жасап кеткен жөн. Жеке меншік үйлер мен пәтерлерді жалға бергенде күдік туғызатын заттар мен құрал-жабдықтарды байқасаңыздар, бірден полицияға хабар беріңіздер", – деп атап өтті Әмірханов.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

 

Жаңалықтар
0