Әлем

Экономика бойынша Нобель сыйлығы кімге берілгені хабарланды

© AFP 2024 / JONATHAN NACKSTRANDМедаль с изображением Альфреда Нобеля
Медаль с изображением Альфреда Нобеля - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нобель комитеті лауреаттардың "бүкіл әлемдегі сатушылар мен сатып алушылар, салық төлеушілерге әкелген пайдасына" ғылыми үлес қосқанын айтып өтті

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Экономика саласы бойынша 2020 жылдың Нобель сыйлығы аукциондар теориясын дамытқаны және аукциондардың жаңа форматын жетілдіргені үшін берілді.

Бұл сала бойынша Пол Милгром мен Роберт Уилсон лауреат атанды, деп хабарлады Нобель комитеті.

Ресми түрде экономика бойынша сыйлық Нобель сыйлығы деп аталмайды. 1968 жылы марапатты Швецияның мемлекеттік банкі қосты. Содан бері банк жыл сайын Нобель қорына сыйлықтың ақшасына тең соманы аударып отырады.

Алайда Альфред Нобельдің ұрпақтары бұл сыйлықтың берілуіне қарсы, себебі өнертапқыш өсиетінде оларды атамаған, тіпті экономистерді жақтырмаған.

Стокгольмдегі Нобель апталығы

Стокгольмде 5 қазанда жыл сайын өтетін Нобель апталығы ашылды. Сол күні физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды. Оны ғалым Харви Альер, Майкл Хоутон және Чарльз Райс С гепатитін зерттегені үшін алды.

Физика саласындағы сыйлық қара ойықты зерттегені үшін берілді. Роджер Пенроуз, Райнхард Генцель және Андреа Гез лауреат атанды.

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығы геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін Эммануэль Шарпантье мен Дженнифер Дуднаға берілді.

2020 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын америкалық ақын Луиза Глюк алды.

Жаңалықтар
0