Қоғам

Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды

CC0 / Daniel Lages / Дискотека, клуб
Дискотека, клуб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бірқатар нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Алматыда карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторингтік топ демалыс күндері 300-ден астам нысанды тексерді. Нәтижесінде 65 нысанның заң бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматыда 10-11 қазан аралығында 314 нысан тексеріліп, 65 заңбұзушылық анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзуы") бойынша барлығы 24 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды", - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бірқатар нысанның қызметіне уақытша тыйым салынды.

Олардың арасында Медеу ауданында Bla Bla Bar түнгі клубы, Sultan мейрамханасы, Black Hall Bar мен Nebo bar gallery&terrace бар.

Сондай-ақ, Әуезов ауданында Ақсай-3 шағын ауданда букмекерлік кеңселер желісінің қызметі тоқтатылды. Түрксіб ауданында "Золотой кувшин" дәмханасы, Бостандық ауданында " RiverHall " мейрамханасында заң бұзушылық әрекеті анықталды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейеді

Сондай-ақ, Медеу ауданында ВНВ түнгі клубы мен "Небо" дәмханасының 200 адамды қабылдағаны белгілі болды. Тексеру нәтижелері бойынша мекеменің жұмысы тоқтатылды.

Айта кетейік, Алматыда карантин шараларын сақтау мақсатында 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Оның құрамына аудандық әкімдік, жергілікті полиция қызметкерлері, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары кірген.

Жаңалықтар
0