АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. 5 шілдеден бастап құқық қорғау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған адамдарға 895 миллион теңгеге 16 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырды.
"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 5 шілдеден бастап 894,8 миллион теңге (екі миллион доллардан астам) сомасына 15 817 хаттама жасалды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар, жеке тұлғалар 307,4 миллион теңге айыппұл төледі. Құқық бұзушылықтың саны жағынан көшбасшы өңірлер: Алматы (3837 хаттама), Түркістан облысы (2974 хаттама) және Қостанай облысы (1323 хаттама).
Денсаулық министрі: Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін
Бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 94 науқас тіркелгені хабарланған болатын. Өңірлік көшбасшылар – Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бес адам қайтыс болды. Республикада ауырғандардың жалпы саны 108 757 адамға жетті.