Әлем

Таиландта жүк пойызы мен автобус соқтығысты: апат салдарынан 20 адам қаза тапты

© Photo : © REUTERS / DailynewsСтолкновение автобуса с поездом в Таиланде
Столкновение автобуса с поездом в Таиланде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар мінген автобус реттелетін теміржол өткелінен жүк пойызы таяған кезде өтіп кетуге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Бангкоктан 80 шақырым қашықта орналасқан Таиландтың Чаченгсао провинциясында жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысты. Апат салдарынан 20 адам қайтыс болып, 30-дан астам жолаушы жарақат алды.

Жол апаты жексенбі күні сағат 08:05-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 09:05) болды, деп хабарлайды РИА Новости апаттардың алдын алу және бақылау басқармасының оқиғалар туралы есебіне сілтеме жасап.

"60 жолаушысы бар автобус Самутпракан провинциясынан Чаченгсао провинциясындағы буддалық храмдардың біріне қарай жол жүріп бара жатқан. Қоғамдық көлік реттелетін теміржол өткелінен жүк пойызы таяған кезде өтіп кетуге тырысқан. Ол жерде арнайы шлагбаум болмаса да, қызыл семафора жанып тұрған", – делінген ақпаратта.

Жүк пойызының машинисі автобусты көріп, жылжымалы құрамды шұғыл тежегенімен, жылдамдығын төмендетіп тоқтай алмаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам қайтыс болып, 30-дан астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды және провинциялық ауруханаларға жеткізілді.

Чачэнсао провинциясы үкіметі бұл оқиғаны тергеу үшін тергеу комиссиясын құрды. Оның құрамына полиция, таиландтық теміржол әкімшілігі, көлік министрлігінің жер үсті тасымалы басқармасы, сондай-ақ сақтандыру компанияларының өкілдері кірді.

Оқи отырыңыз: Қызғылт көл үстіндегі пойыз: Ресей мен Қазақстан шекарасындағы таңғажайып көріністер

Алдын ала болжам бойынша, автобусты Самутпракан провинциясындағы өндірістік кәсіпорын жалдап, жұмысшыларын көрші Чаченгсао провинциясындағы құрметті будда храмына апару үшін жалдаған.

Шамалғандағы сұмдық апат

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айының ортасында осыған ұқсас жол апаты Алматы облысында болды. Алматы–Шамалған учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде №43 пойыз Алматы–Қостанай жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі сол жерде қайтыс болып, екі кішкентай баласы бар әйел ауыр халде ауруханаға түсті.

Қайғылы оқиғадан кейін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылысы учаскеде басталды. Оның салтанатты ашылуы 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өтті.

Жаңалықтар
0