Өңірлер

Далада түнеген: Қостанай облысында жоғалған қыздар дін аман табылды

CC0 / pixabay.com / Девочка смотрит вдаль, иллюстративное фото
Девочка смотрит вдаль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалған жас қыздарды іздестіруге отызға жуық құтқарушы мен полицейлер, еріктілер мен жергілікті әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қостанай облысында жұма күні кешке жоғалған төрт қызды іздеу шаралары сәтті аяқталды, деп хабарлайды жергілікті "Костанайские новости" басылымы.

Үлкені он екі, кішісі жеті жастағы екі үйдің төрт қызы жұма күні кешкі сағат жетілер шамасында үйден шығып кеткен. Олар Асенкритовка ауылынан Әйет ауылында тұратын туыстарына бару үшін жолға шыққан. Ал екі ауыл арасындағы қашықтық шамамен 15-17 шақырымды құрайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Поиск людей (@pso_dos.kst)

Балаларды ересектер ертіп жүрмегендіктен автобусқа мінгізбеген. Сондықтан, олар жол жағалай жүріп отырып, жаяу жетуге тырысқан. Алайда орта жолда қараңғы түсіп кеткен соң, жасөспірімдер жырада түнеп шыққан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Поиск людей (@pso_dos.kst)

Ал оларды іздестіруге отызға жуық құтқарушы мен полицейлер, еріктілер мен жергілікті әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды. Асенкритовка ауылы мен жақын маңдағы бес елді мекенге шолу жүргізілгенімен еш нәтиже болмаған.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды

Қыздар келесі күні таңғы тоғыздар шамасында екі ауылдың ортасындағы Николаевка стансасынан бір шақырым жерден табылды. Іздеушілер оларды тас жолмен келе жатқан көліктің артынан жүгіріп келе жатқан сәтінде байқап қалған.

Жаңалықтар
0