ПАВЛОДАР, 9 қазан – Sputnik. Павлодар трамвай депосының қызметкерін автотиегіш басып өлтірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы еңбек басқармасының бастығы Асқар Қапанов.
Қазір ер адамның өмірін қиған жазатайым оқиғаның себебі анықталып жатыр.
"Жазатайым оқиға 3 қазанда трамвай депосында болды. 56 жастағы қаптаушыны ашалы автотиегіш басып кетті. Зардап шегуші сол жерде көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр", - деді Асқар Қапанов.
Трагедияның себебі мен кінәлілер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Оқи отырыңыз: Польшада қазақстандық 19 жастағы студент қызды трамвай қағып өлтірді
Бұған дейін 6 қазанда осы трамвай басқармасының вагон жүргізушісі жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Ол трамвайды жөндеп жатқанда ол артқа қарай жүріп, ер адам екі вагонның арасында қалып қойған. Зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.