Экономика

Қазақстандықтар ескі банкноттарды енді айырбастай алмайды

© Sputnik / Абзал КалиевӘмиян, ақша, теңге
Әмиян, ақша, теңге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар 2016 жылы заңды төлем құралы болуын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналымнан шығару мерзімі аяқталғанын хабарлады.

2006 жылғы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар 2006 жылы 15 қарашада айналымға шығарылып, он жылдан кейін заңды төлем құралы болуын тоқтатты.

Содан кейін екінші деңгейлі банктер, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады.

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаАйналымнан шығарылған банкноттар
Қазақстандықтар ескі банкноттарды енді айырбастай алмайды - Sputnik Қазақстан
Айналымнан шығарылған банкноттар

"Айналымнан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстанның бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің, Ұлттық пошта операторының және Ұлттық банк филиалдарының қабылдауына және айырбастауына жатпайды", - деп ескертті Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.

Ескі банкноттарды айналымнан шығару мерзімі төрт жылға созылған болатын.

Жаңалықтар
0