Қоғам

Маман әлеуметтік желіде қандай суретті мүлдем бөлісуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қандай телефонға түсірілгеніне қарамастан, әр суреттің EXIF ақпараты болады. Оны анықтау қиын емес екені айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Алаяқтар әлеуметтік желідегі суреттің арқасында арам ойын жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан үй немесе кеңсе терезесінен түсірілген фотоны әлеуметтік желіге жүктеуге болмайды.

"Кейбір әлеуметтік желі сурет туралы мәліметті жоймайды. Телефон иесі орналасқан жері жайлы мәліметті өшірмей, сурет түсірсе, фотоның қайда жасалғаны туралы мәлімет сақталып қалады. Қандай телефонға түсірілгеніне қарамастан, әр суреттің EXIF ақпараты болады", - деп жазады "Прайм" ақпараттық технологиялар университетінің маманына сілтеме жасап. 

Егер қолданушы геомәліметті сөндірмей, әлеуметтік желіде жеке жазбада сурет жіберген болса да, фотоның қайда түсірілгені оңай анықталады (мысалы, мекенжай, көше). Бұл алаяқтардың адамды аңди бастауы үшін жеткілікті мағлұмат. 

"Сондай-ақ, желі қолданушылары демалысқа баратынын жариялап, мақтанады. Билеттің фотосын бөліседі, жаңа төлқұжаты мен банк картасын көрсететіндер де жоқ емес. Кейбір адамдар бұл ақпаратты пайдаланып, арам ойын жүзеге асыруы әбден мүмкін", - деді сарапшы. 

Жаңалықтар
0