Аңдатпа

YouTube-те миллиондаған аудиторияны қалай жинауға болады – блогер кеңесі

© AP Photo / Richard VogelМужчина просматривает видеосайты на смартфоне
Мужчина просматривает видеосайты на смартфоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудиторияны ұстап тұру үшін контентті қаншалықты жиі жариялау қажет? Пайдалы тақырыпты қалай табуға болады, оның құпиясы неде? Өз каналыңда қалай ақша табуға болады? SputnikPro сарапшысы түсіндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Публицист, шетелдік картиналар мен видео ойындардың аудармашысы, компьютерлік ойындарды жасаушы, сондай-ақ YouTube алтын батырмасының иегері Дмитрий Пучков (Гоблин) шетел журналистеріне YouTube контентін қалай табысты етуге болатынын айтып берді.

"Қандай жабдық қажет? Сізге тек телефон керек. Ол видеоны керемет жазады, монтаждайтын құралдары бар. Ең бастысы айтарыңыз болуы тиіс. YouTube сізге бәрін тегін ұсынады. Техника емес, ақша емес, ой керек", - деді сарапшы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның пікірінше, егер аудиторияға контент қызық болмаса, күн сайын миллиондаған видео түсірсең де, көмектеспейді. Жаңа контентті тұрақты және белгілі бір уақытта орналастыру маңызды.

Дмитрий Пучковтың YouTube-тегі каналына ай сайын орта есеппен 15 мың адам жазылған, төрт жылда аудитория миллион адамға жетті. Пандемия кезінде оған ай сайын 50 мыңға дейін қолданушы "келген", осылайша ол аудиторияны екі миллионға дейін көбейткен.   

"Интернеттегі шолып өтетін контент ешкімге қызық емес, деп атап өтті Дмитрий Пучков. Оның айтуынша, адам жақсы білетін тақырыптарды қозғағаны дұрыс. Ең алдымен, ол канал жасаушының өзіне қызықты болуы керек.

YouTube-те не істеуге болмайды? Қарапайым ереже: адамдарды балағаттап, бір-біріңе дөрекілік танытудың қажеті жоқ.

Тікелей жарнаманы, сондай-ақ видеохостингтің жарнамасын пайдаланып, өз каналыңда ақша табуға болады. Автор өзінің YouTube каналын насихаттау үшін әлеуметтік желілерді қолдануы керек.

SputnikPro білім беру жобасының жиырма үшінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

Жаңалықтар
0