Оқиға

Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі адамды қатігездікпен өлтірген үш қылмыскердің екеуі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

АЛМАТЫ, 8 қазан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы айыпталушыларға екі адамды өлтірді деген үкім шығарды. Олардың екеуі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, ал қылмысқа қатыспаған  үшіншісі ұрлық жасағаны үшін сотталды.

Тергеушілер мен сотқа қылмыстың егжей-тегжейі мен оның барлық қатысушысын анықтауға күдіктілердің біреуі көмектескен. Ол болған оқиғаны айтып берді, деп жазады  "Мой город" порталы.

Полиция айыпталушыларды толық әшкерелеуге айғақ болатын заттарды тәркілеген. Үкім 7 қазанда шықты

"Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Андрей Т. 23 жылға, Михаил З. 21 жылға және Әсет К. ұрлық жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз-қызметі. 

Қылмыскерлер егде жастағы әйел мен оның мүгедек ұлын 2019 жылдың 7 қыркүйегінде өлтірген. Олардың денесі Циолковский көшесіндегі үйлердің бірінен табылды. Сот-медициналық сараптаманың  қорытындысына сәйкес, екеуінің де өліміне тұншығу және бастың жабық жарақаты себеп болған.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері 130 мың теңге мен құны 75 мың теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлау фактісін анықтады.  

Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады, дегенмен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмыс жасаған күдіктілер анықталды. Олар – 28 жастағы Андрей Т., 27 жастағы Михаил З. және 28 жастағы Әсет К. Күдіктілердің екеуі сол уақытта басқа қылмыстары үшін тергеу абақтысында отырған.  

Тергеу барысында зейнеткер мен оның ұлының үйіне жасалған шабуылға қатысушылардың бірі тергеумен ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп, қылмыстың егжей-тегжейін айтып берген. Ал қалған күдіктілердің кінәсі тергеу жүргізу кезінде толық дәлелденді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ және жоғары сот инстанциясына шағымдануға болады.

 

Жаңалықтар
0