Әлем

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы америкалық ақын Луиза Глюкке берілді

© AFP 2024 / JONATHAN NACKSTRANDМедаль с изображением Альфреда Нобеля
Медаль с изображением Альфреда Нобеля - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Швед академиясы 77 жастағы Луиза Глюктың поэзия арқылы адамның өмірін өзгерту қабілетін айтып өтті. Ол америкалық ақындар академиясының канцлері

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. 2020 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын америкалық ақын Луиза Глюк алды, деп хабарлады Нобель комитеті.

"Әдебиет саласы бойынша 2020 жылы Нобель сыйлығы Луиза Глюкке "жеке затты әмбебап ететін қатесіз поэтикалық дауысы үшін берілді", - делінген ақпаратта.

Луиза Глюк – 77 жастағы америкалық ақын. 2004 жылдан бастап Йель университетінің серіктесі, адъюнкт-профессор. Америка философиялық қоғамының мүшесі. Америкалық өнер және әдебиет академиясының мүшесі, америкалық ақындар академиясының канцлері. Беделді әдеби марапаттары бар.

Стокгольмдегі Нобель апталығы

Стокгольмде 5 қазанда жыл сайын өтетін Нобель апталығы ашылды. Сол күні физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері жарияланды. Оны ғалым Харви Альер, Майкл Хоутон және Чарльз Райс С гепатитін зерттегені үшін алды.

Физика саласындағы сыйлық қара ойықты зерттегені үшін берілді. Роджер Пенроуз, Райнхард Генцель және Андреа Гез лауреат атанды.

Химия саласы бойынша Нобель сыйлығы геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін Эммануэль Шарпантье мен Дженнифер Дуднаға берілді.

Бейбітшілік сыйлығының иегері 9 қазанда жарияланады. Бұл марапатты жыл сайын Ослодағы Нобель комитеті береді.

Экономика бойынша Альфред Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі 12 қазанда жарияланады.

Жаңалықтар
0