Қоғам

"Екі апта ішінде қамтамасыз ету керек": президент үкіметке тапсырма берді

© Photo : сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы коронавирустың екінші кезеңіне дайындық мәселелеріне байланысты кеңес өткізгені хабарланды

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Маңғыстау және Алматы облыстарында емханалар мен ауруханалардың коронавирустың екінші толқынына дайындығы нашар. Президент денсаулық сақтау министрлігінің өңірлердегі дайындық жұмысымен танысқанын айтып өтті. Бұл жайында мемлекет басшысы коронавирустың екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Осы олқылықтарды үкімет пен әкімдер дереу түзетуге міндетті, деді мемлекет басшысы.Ол үкімет пен әкімдер олқылықтарды дереу түзетуге міндетті екенін жеткізді.

"Үкіметке әкімдермен бірлесіп, екі апта ішінде тұрақтандыру қорларын белгіленген нормативке сәйкес жасақтауды және медицина инфрақұрылымының толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, елде екі айға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар.

"Біз жаз айларында дәрі-дәрмек тапшылығын айқын сезіндік. Менің тапсырмам бойынша нақты жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, екі айға жететін қор жасақталып, ең қажетті деген дәрі-дәрмектің тізімі ұлғайтылды. Оны сырттан әкелу және тіркеу тәртібі жеңілдетілді. Бірақ өңірлерде дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қорларының көлемі және дайындық жұмыстары біркелкі емес", - деді Тоқаев.

 

Сонымен қатар мемлекет басшысы мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп кеткенін айтты.

Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген суреттер таралуда. Мониторинг жүргізетін топтар тексерісті азайтты. Бұл ретте, карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кетті, деді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0