НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Иван Турков Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда болған Антон Федяев қоластындағы қызметкердің жемқорлықпен ұсталуына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды.
Турков Жамбыл және Тайынша аудандарының әкімі болған. 44 жастағы әкім орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласына жауап беретін болады.
Ал Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Жиенбаев кірісті. Бұған дейін өңір басшысының орынбасары болған Ермағанбет Бөлекпаев енді Қарағанды қаласының әкімі болады.
Нұрсұлтан Жиенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту институтының басқарма төрағасы болған еді.
39 жастағы Жиенбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар саласына жауапты болады.