Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер туыстарын жұмысқа қабылдай алмайтын болды

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Мемлекеттік қызметке үміткер өзі қызмет еткісі келетін ұйымда қандай да бір туысының жұмыс істейтіні туралы басшылыққа хабарлауы керек. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекеттік лауазымға немесе соған теңестірілген қызметтерді орындауға байланысты лауазымға үміткер сол ұйымда жұмыс істейтін жақын туысы, жұбайы немесе жекжаттары туралы өзі жұмыс істегісі келіп отырған жердің басшылығына жазбаша түрде хабарлауға міндетті", - деп хабарлады Олжас Бектенов.

Бұған дейін президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.

"Бірқатар заңда мемлекеттік қызметті орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайы немесе туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынышты лауазымды атқара алмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар жақын туысы, жұбайы немесе туысының тікелей басшысы да бола алмайды", - деп еске салды Бектенов.

Айта кетейік, қабылданған заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық беруге, материалдық сыйақыға толық тыйым салынған.

Жаңалықтар
0