Қоғам

Қазақстанда локдаун қашан енгізілуі мүмкін – Цой үш сценарийді атады

© Photo : Служба центральных коммуникацийВице-министр здравоохранения Алексей Цой
Вице-министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстанда локдаун желтоқсанның ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетінің өршуінің үш сценарийін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстан локдаунға желтоқсанның ортасында оралуы мүмкін. Ал реалистік сценарий кезінде қатаң карантин қаңтарда енгізіледі.  

"Пессимистік сценарий кезінде, егер маска режимінің тек 60%-і қамтамасыз етілсе, 2020 жылдың қазан-желтоқсанында вирус жұқтырғандар саны 190 мың адамға жуықтайды. 65 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет болады. Локдаун енгізу желтоқсан айының ортасына болжанып отыр", - деді Цой  президенттің қатысуымен өткен індеттің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте.

Ал екінші, реалистік сценарий бойынша әлеуметтік арақашықтық және бетперде тағу режимі 70%-ке қамтамасыз етілсе, осы жылдың қазан-желтоқсанында 90 мыңға тарта адам індетке шалдығады деген болжам бар.

"30 мың адам ауруханаға жатуға мұқтаж болады. Локдаун қаңтарда болжанып отыр", - деді министр.

Ол арақашықтық сақталып, азаматтардың 100 пайызы маска кисе, қатаң карантин жариялаудың қажеті болмайтынын атап өтті. Әдетте, қатаң карантин төсек-орын қорының 70 проценті толған жағдайда енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі індетті жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатқанын мәлімдеді 

"Аталған оптимистік сценарий кезінде 2020 жылдың қазан-желтоқсанында 40 мыңға жуық адам вирус жұқтырады, 15 мың адам ауруханаға жатқызылуы тиіс болады", - деді Цой.

Ол бұл болжамдар профилактикалық шаралардың тиімділігі пандемияға қарсы күресте басты рөл ойнайтынын тағы бір мәрте көрсеткенін атап өтті.

Жаңалықтар
0