Саясат

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңға қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Тергеушілердің жауапкершілігі күшейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық жасауға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтарға, материалдық сыйақыға толық тыйым салынған.

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген.

Жаңалықтар
0