Қоғам

Президент ауыл еңбеккерлерін мемлекеттік наградамен марапаттауды ұсынды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуАрхивное фото сбора урожая пшеницы
Архивное фото сбора урожая пшеницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан биыл 20 миллион тоннаға жуық астық жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 процентке артық

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинауға атсалысқан ауыл еңбеккерлерін мемлекеттік наградамен марапаттауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Бүгінде астық жинау науқаны аяқталды деуге болады. 20 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 процентке артық. Мен барлық ауыл еңбеккерін осынау елеулі жетістікпен құттықтадым. Ауыл халқы, сондай-ақ осы ірі жетістікке атсалысқан адамдар әкімшілік органдар тарапынан марапаттауға, соның ішінде мемлекеттік наградаларға лайық деп санаймын", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте.  

Оқи отырыңыз: Президент шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды 

Президенттің айтуынша, енді жиналған астықты сақтау мәселесін шешу керек. Бұдан бөлек, фермерлерге өз өнімін шетелге сатуға қолғабыс жасаған жөн.

"Ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктері ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару мәселелерін шұғыл түрде шешіп отыруы тиіс", - деп атап өтті Тоқаев.

Жаңалықтар
0