Аңдатпа

Қазақстанда 8 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

8 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Монополияға қарсы қызмет жұмысының ашықтығы туралы қабылданған декларация шеңбері аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" форматындағы алаңда тауар нарықтарындағы қатысушылардың проблемалары мен шағымдарын онлайн талқылау. Шара барысында "Биржалық сауданы дамыту" жайы сөз болады (тіркелу үшін 8 701 369 61 28 телефоны арқылы немесе madina_daurenovna@mail.ru электрондық поштасы арқылы).

Алматы

Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 87-ші театр маусымының ашылуы. Театр сахнасында "Ұлы Абайға тағзым!" концерті өтеді. Бағдарламада "Абай" операсындағы ариялармен, дуэттермен және сахналармен қатар, ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Сыздық Мұхамеджанов, Еркеғали Рахмадиев, Нұрғиса Тілендиев, Қапан Мусиннің ұлы ақынның өлеңдеріне жазылған әндері мен романстарының премьералары ұсынылады. Бұл туындылар бұрын-соңды симфониялық оркестрмен орындалмаған. Сондай-ақ, көрермендер жақын күндері ресейлік дуэт режиссері Алексей Смирнов пен суретші Елена Бодрова сахналаған Григорий Фридтің "Анна Франктің күнделігі" моно-операсының премьерасын тамашалайды.

18.30 – Ілияс Жансүгіровтің шығармасы бойынша қойылған "Құлагер" спектаклінің премьерасы. Қойылым Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында (Абылай хан даңғылы, 38) жаңа театр маусымын ашады.

Алматы облысы

11.00 – Алматы облысындағы Есік алабалық шаруашылығына пресс-тур. 8775 649 3995 телефоны бойынша тіркеу жүргізіледі.

9 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – Healthy People fest фестивалі. ("Тикетон Атакент" автокинотеатрының сайтында, Темирязев көшесі, 42л22).

Нұр-Сұлтан

19.00 – Көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойлық даталарына арналған "Жүрегім менің" концерті. Бұл кеште қазақстандық композиторлардың әндерін "Астана Операның" өнерпаздары – Дина Хамзина, Азамат Жылтыркөзов, Жанат Шыбықбаева, Альфия Кәрімова, Айзада Капонова, Талғата Ғалеев, Мейір Бәйнеш, Бибігүл Жанұзак, Мадина Исламова, Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская, Бейімбет Таңарықов, Болат Есімханов, Әсем Сембина, Назым Сағынтай, Рамзат Балакишиев, Ержан Сайыпов, Шыңғыс Расылхан, Ғалия Байғазинова, Ерұлан Кәміл, Нарұла Тойкенова сынды вокалистер мен солистер орындайды. Бағдарламада Dolce скрипка ансамблінің, сондай-ақ Алтынғаным Ахметова басқаратын "Астана Опера" балалар театры студиясының жас әртістерінің шығармалары ұсынылады. Концертмейстерлер – Раушан Бескемпірова мен Жанар Ахметова және Ирина Кургузкина. (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР 

06.00 – Qaragandy Marathon 2020. Әрбір қатысушы өз аймағында, қолайлы уақытта қашықтықты жүгіреді. Осыдан кейін өзінің жүгіріп келе жатқан трекерін qaragandy-marathon.kz ​​сайтына жүктеуі тиіс. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының және сегіз облыстың өкілдері тіркеліп, кіру жарнасын жасады: Олар: Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысы (толық ақпарат мына сілтемеде).

10.00 – Киберспорттық студенттер лигасының алғашқы маусымы - National Esports Student League. Жобаны "Халық" қайырымдылық қоры Ұлттық олимпиада комитетімен, Нұрсұлтан Назарбаев білім қорымен және Qazaq Cybersport Federation-мен бірлесіп ұйымдастырды. Студенттер лигасы тұрақты негізде өтіп тұрады және төрт маусымнан тұрады. Әр маусымда ойын дисциплиналары өзгереді (Байланыс телефоны: +7 (7172) 45 60 13).

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

19.00 - Қазақстандағы жалғыз авторлық құқық иелерінен Kino тобының әндерін орындауға рұқсаты бар "Pulse kino" тобының авто-концерті. ("Тикетон Атакент" автокинотеатры, Темирязев көшесі, 42л22).

11 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-сұлтан

12.00 – Балаларға арналған "Дружная семейка" концерті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі,1).

12.00 – "Золотой цыпленок" қойылым-ертегісі, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

13 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Бетховенге құрмет" ұлы композитордың 250 жылдығына арналған – "Қазақквартет шақырады" циклының концерті. Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті квартет: Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт), көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель) (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

16 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Астана Операның жаңа есімдері" концерті. Театрдың талантты жас солистері, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары өз өнерлерін ортаға салады. Сопрано Назим Сағынтай Вердидің "Трубадур" операсынан Леонораның ариясын орындайды, Пуччинидің "Мадам көбелегі" операсынан Чио-Чио-сан ариясы, меццо-сопрано Малика Минизини көз тыңдармандарына Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Ольга ариясын және Шарль Гуноның "Фауст" операсынан Зибелдің ариясын ұсынады. Тенор Рамзат Балакишиев Жюль Масненің "Вертер" операсынан Вертер ариясы мен Карло Пеполидің өлеңдеріне жазылған неаполитандық тарантелла Джоаккино Россинидің шығармаларын орындайды. Баритон Ержан Саипов – Вольфганг Моцарттың сол аттас операсынан Дон Хуанның ариясын, Петр Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсынан Онегиннің ариясы және бас –Шыңғыс Расылхан қазақ әні "Қараторғайды", Джоаккино Россинидің "Севилький цирюльник" операсынан Дон Базилияның ариясын орындайды (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (тіркелу мына сілтеме бойынша).

Нұр-Сұлтан

12.00 – 12.00 – "Театрға серуен" циклынан балаларға арналған "Түрлі дауыстар әлемі" атты қазақ тілінде концерт. Музыкатанушы Төлеген Назарбеков, театрдың танымал солистері, сондай-ақ "Астана Опера" балалар театр студиясының хоры, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова балаларды опера дауыстарымен таныстырады. Фортепиано бөлімі – Раушан Бескемпірова. Концерттік бағдарлама сопранодан бастап опералық дауыстардың барлық түрлері туралы, классикалық вокалдық шығармалардан танымал ариялар мен дуэттер орындалатын болады (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0