Әлем

Қырғызстанда неліктен банкоматтар жұмыс істемей жатқаны анықталды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека у банкомата с платежной картой
Архивное фото человека у банкомата с платежной картой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтар есепшотынан ақша ала алмай жатыр. Қырғызстан банктер одағының президенті Әнуар Әбдіраев банкоматтардан барлық ақша алынғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қырғызстандықтар банкоматтағы есепшоттарынан ақша ала алмай жүр. Sputnik тілшісі елдегі бірнеше ірі банктерге қоңырау шалды, олардың көпшілігі бұл операцияның қазіргі уақытта қолжетімсіз екенін растады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында не болып жатыр – ресми түсініктеме 

Оның себебін Қырғызстан банктер одағының президенті Әнуар Әбдіраев түсіндірді.

"Бүгін банкоматтардағы ақшаның бәрі алынды, операциялар жасалмауы үшін автоматтар ағытылды. 2005 және 2010 жылдардағы оқиғалар есіңізде болар... Ол кезде кейбір адамдар банкоматтарды бұзып, тонап кетті. Сол жағдай ескеріле отырып, осындай шешім қабылданды", - деді Әбдіраев.

Ол ертең коммерциялық банктердің кеңселері мен банкоматтар қайтадан жұмыс істей бастайтынын атап өтті.

Жаңалықтар
0