Саясат

Сайлау нәтижесі жойыла ма: қырғыз президенті мен қауіпсіздік қызметкерлері не айтты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуПротесты против итогов парламентских выборов в Кыргызстане
Протесты против итогов парламентских выборов в Кыргызстане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзін бас прокурордың міндетін атқарушы деп атаған Алмамбет Шықмаматов сайлау нәтижесі жойылатынын және сайлауда жаппай алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Қырғызстандағы митингтің бірінші күнінде-ақ бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен экс-премьер-министр Сапар Исаков түрмеден босатылып қана қоймай, кейбір наразылық білдірушілер жоғары лауазымдарға ие бола бастады. Бір қызығы қазір болып жатқан жағдай қай тараптан, қалай бақыланып жатқаны беймәлім.

Мәселен, Қырғызстан бас прокуратурасының сайтында Өткүрбек Джмашитов ведомство басшысы ретінде көрсетілген. Алайда, "Бир бола" партиясынан (сайлауда жеңіліп қалған) депутаттыққа үміткер Алмамбет Шықмаматовқа өзін аталған ведомствоның жаңа басшы ретінде, ал қазірше елдің бас прокурорының міндетін атқарушы деп жариялауына ешқандай кедергі жоқ.

Оның тағайындалғаны туралы ресми хабарламалар да жоқ. Дегенмен, ол бас прокуратураның атынан "тәртіпсіздіктер мен талан-тараждың және жағдайдың нашарлауының алдын алуға" тырысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды knews.kg сайты.

"Біз мүмкіндігінше тезірек заңды арнаға түсіп, үйлесімді әрекет етуіміз керек", – деген Алмамбет Шықмаматов Жоғарғы Кенеш депутаттарының сайлауын жаппай бұрмалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын атап өтті.

Оның қаншалықты дәрежеде мұндай мәлімдеме жасауға құқығы бар және бас прокуратура оған бағына ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Атамбаевтың президент кезінде Шықмаматов бірнеше жыл әділет министрі лауазымын атқарған.

Сондай-ақ, "Бутун Қырғызстан" партиясынан (ол да сайлауда жеңілген) Жогорку Кенештің депутаттығына кандидат, генерал-лейтенант Өмірбек Суваналиевтің жаңа лауазымы туралы ақпарат пайда болды. Кейбір дереккөздерде оның мемлекеттегі ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болғаны айтылады. Ал енді басқа бір ақпаратта оны өзі де растап, "қайтадан Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне кіріскені" және елдегі тәртіпсіздіктер тоқтағанға дейін қауіпсіздік күштерін үйлестіретіні жарияланған.

Оқи отырыңыз: Бішкекте не болып жатыр - дронмен түсірілген видео жарияланды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі маңызды қызметтерге жаңа тағайындаулар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Бірақ сайлау нәтижелерінің күшін жою мүмкіндігін мойындады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтарға қатысты материалдарды, парламенттік сайлау нәтижелерінің күшін жойғанға дейін мұқият зерделеуді ұсынады", – деді Стамалиева РИА Новостиге берген түсініктемесінде.

Бішкектегі митинг

Наразылықтар 5 қазанда парламенттік сайлаудан кейін басталды – 7 пайыздық тосқауылдан өте алмаған партиялар нәтижелермен келіспеді. Дауыс беру қорытындысы бойынша 16 үміткер партияның тек төртеуі ғана парламентке кірді.

Жаңалықтар
0