Қоғам

Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы карантинге жатқызылды

© Sputnik / Владислав ВодневАэропорт Нур-Султана
Аэропорт Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордаға келген жолаушылардың көпшілігінің қолында коронавирус инфекциясы жоқ екендігі туралы анықтама болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 вирусы жоқтығын дәлелдей алмаған ұшақ жолаушылары карантинге жатқызыла бастады.

Бірінші "партияда" 170 адам болды – олардың көпшілігінде ПТР тест нәтижесі болмады, деп хабарлайды елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.

"Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines пен "Эйр Астана" және FlyDubai авиакомпаниясы жүзеге асырған төрт ұшақ қонды. Рейстерде барлығы 478 жолаушы мен 28 экипаж мүшесі болды. 170 жолаушыда ПТР сынағының анықтамасы болмады немесе кейбірінің мерзімі өтіп кеткен жағдайлар кездесті", – делінген хабарламада.

Олардың бәрі де ПТР анализдің нәтижесі шыққанға дейін екі тәулік болуы үшін стационарлық ауруханаға жеткізілді. Егер тест нәтижесі теріс болса босатылады. Ал инфекция тасымалдаушы екені анықталса, емделуге жіберіледі.

© Photo : пресс-служба аэропорта Нурсултан НазарбаевНұр-Сұлтан әуежайындағы жолаушылар
Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы карантинге жатқызылды - Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан әуежайындағы жолаушылар

Жолаушылар арасында дене қызуы жоғарылаған ешкім анықталмаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа ережесі жарияланған соң, елордалық әуежай жолаушыларды қабылдауға дайындығы тексерілген болатын.

Қолданысқа енген Қазақстанның жаңа ережесі қандай?

6 қазанда Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Жаңа ережеге сәйкес, Қазақстанға шетелден келген ұшақ жолаушыларының барлығы термометриядан өтіп, сауалнамаға жауап береді және COVID-19-ға қарсы ПТР-сынағының оң нәтижесі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағаттан аспаған анықтама ғана жарамды. Сондай-ақ:

  • Қазақстан азаматы болып табылмайтын адамдарда анықтама болмаған жағдайда оның елге кіруіне тыйым салынады;
  • Қолында анықтамасы бар және дене қызуы қалыпты жолаушыларға COVID белгілері түсіндіріліп, сапарды жалғастыруына рұқсат етіледі;
  • Дене температурасы жоғарылаған жолаушылар қолында анықтамасының болуына қарамастан, карантиндік стационарға екі күнге жатқызылып, зертханалық тексеріс жргізу үшін оқшауланады;
  • COVID-19 зертханалық зерттеу нәтижесін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады;
  • Елге келген Қазақстан азаматтарының қолында анықтама болмаса, 2 күн бойы карантиндік стационарда оқшауланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда шетелден келген жолаушылар үшін қонақ үй базаларында карантиндік стационарлар құрылып жатыр. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда осы мақсатта Ramada Plaza қонақ үйі жабдықталып, пайдаланылған. Ал Алматыда мұндай мекеме ретінде Renion hotel, Ambassador, Shera Park пен "Премьер Алатау" сияқты қонақ үйлер ғимараты қызмет көрсетті.

Оқи отырыңыз: Шымкентте науқастар үшін ашылған стационар неге жабылып қалғаны белгілі болды

Жаңалықтар
0