Саясат

Атамбаев 11 қарашаға дейін үйқамаққа алынды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы президенттің адвокаты Бішкектің Первомай аудандық сотының жаңа қаулысын жариялады. Құжатта Атамбаев пен басқа шенеуніктердің мәртебесі сотталған емес, айыпталушы деп көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан - Sputnik. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Facebook-тегі парақшасында Бішкектің Первомай аудандық сотының Атамбаевқа қатысты шығарған, қолы қойылып, мөрі басылған қаулысын жариялады. Онда Алмазбек Атамбаевтың бірнеше бап бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталғаны, бірақ бұрын сотталмағандықтан тергеу абақтысында емес, үйқамағына алынуы мүмкін екені, Қырғызстаннан қашып кетуге ниетінің жоқтығы және тұрғылықты жері бар екені жазылған.

© Photo : Замир ЖоошевАтамбаевты тергеу абақтысынан босатып, үйқамағына алу туралы қаулының үзіндісі
Атамбаев 11 қарашаға дейін үйқамаққа алынды - Sputnik Қазақстан
Атамбаевты тергеу абақтысынан босатып, үйқамағына алу туралы қаулының үзіндісі

Бұл ретте сот Атамбаев пен қаулыда көрсетілген бірқатар шенеуніктің жай айыпталушы ғана емес, ұзақ мерзімге сотталған сотталушы екенін ескергісі келмей отыр. 2020 жылдың маусым айында Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Егер Бішкек сотының жаңа шешімі заңды болып, өз күшіне енсе, онда Атамбаев 2020 жылдың 11 қарашасына дейін үйқамақта отыруға міндетті.  Соттың басқа шешімдері шыққанға дейін ол сөз сөйлеп, мәлімдеме жасай алмайды, митингтерге қатысып, сұқбат бере алмайды.

Тағы оқыңыз: Бішкекте не болып жатыр - дронмен түсірілген видео жарияланды

Адвокаттың жазбасының астына көп пікір жазылған. Кейбіреулер "Атамбаев пен оның серіктері "саяси тұтқын", сондықтан абақтыда отырмауы керек" деп есептейді. Ал енді біреулер "алдағы уақытта ұйымдасқан қылмыстық топтардың сот қаулысымен түрмеден босап шығуына ешнәрсе кедергі болмай қалады" деп санайды. Бұл ретте, олар мұндай сот отырыстарының түнде де өтіп жатқанын алға тартты.

Атамбаев не үшін түрмеге қамалды?

Қырғызстанның экс-басшысы Алмазбек Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысы бар болғаны үшін сотталды.

Батукаев 2006 жылы 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 2013 жылы ол "ауыр сырқатына" байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, Қырғызстаннан кетіп қалған еді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір Батукаев қаруды заңсыз сақтағаны үшін Шешен Республикасында жазасын өтеп жатыр.

Ішкі істер министрлігі "Батукаев Атамбаевтың тікелей бұйрығымен жалған диагноз қою арқылы босатылды" деп мәлімдеді. Атамбаев ішкі істер министрлігіне үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырылды. Бірақ экс-президент министрлікке сол күйі бас сұқпады. Сондықтан Атамбаевты күштеп әкелу туралы шешім қабылданды. ҰҚК қызметкерлері Қой-Таш ауылына барып, онда қарсылыққа тап болды.

Жаңалықтар
0