Өңірлер

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланы дүниеге әкелді

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістан облысының жас тұрғыны Еркінай Есенбаева үшем босанды
Түркістан облысының жас тұрғыны Еркінай Есенбаева үшем босанды  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбилер жүктіліктің сегізінші айында дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, жас ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, бірден алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында туған, одан кейін тағы екі баланы дүниеге әкелді. Ал жуырда жас ана №1облыстық перинаталды орталықта үшем босанды.

Сәбилер жүктіліктің сегізінші айында дүниеге келген. Келіншектің денсаулығы сыр бергеннен кейін, дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған.

Қазір ананың да, екі ұл мен бір қыздың да жағдайы жақсы, дәрігерлердің арнайы күтімінде.

Нәрестелердің салмағы – 2170, 2100 және 2615 грамм. Отбасымен ақылдаса келе оларға Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды

Жалпы, Түркістан облыстық №1 перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келді.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, өңірде туу көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері облыста 45 030 сәби туды.

Жаңалықтар
0