Қоғам

Алматыдағы Медеу мұз айдыны қашан ашылатыны айтылды

© Sputnik / Анатолий Устиненко / Медиабанкке өтуВысокогорный каток "Медеу"
Высокогорный каток Медеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бекшиннің айтуынша, қаладағы мәдениет нысандары көрермендер залының тең жартысын толтырып жұмыс істейтін болады

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Алматыда Медеу мұз айдынын ашу мәселесі қарастырылып жатыр, деп мәлімдеді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Медеу мұз айдынын ашу бойынша ауызша келіссөздер жүріп жатыр. Бүгін-ертең мұз айдынының әкімшілігі қызметті қамтамасыз ету алгоритмін ұсынады. Біз оны қараcтырамыз. Бір адамның айналасы төрт шаршы метр болу керек деген талап бар, ал мұз айдыны басшылығы бір адамға 16 шаршы метрге дейін бөлуді ұсынды", – деді Бекшин.

Айтуынша, мұз айдынының басшылығы ұсыныстарын қала әкімдігінде құрылған арнайы штаб пен қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ұсынады.

Театрлардың қызмет көрсету тәртібі қалай бекітіледі

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин кинотеатрларды ашу мәселесін елдің бас санитар дәрігері тарапынан қаралып жатпағанын хабарлады.

Айта кетейік, Алматы қаласында карантин шараларын жеңілдету мақсатында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы қабылданды. Соған сәйкес, қаладағы мәдениет нысандары көрермендер залының тең жартысын толтырып жұмыс істейтін болады.

Оқи отырыңыз: Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Сондай-ақ, театрлар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтайтын болады. Залдың ішіндегі орындықтар санының тең жартысын ғана толтырып жұмыс істеу барысында адамдарды отырғызу және әлеуметтік арақашықтық ескеріледі.

Жаңалықтар
0