Өңірлер

COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұқпалы ауруларға арналған аурухана 12 блоктан тұрады, сондай-ақ бұл жерде балалар бөлімшесі ашылған

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған жаңа модульдік аурухана ашылды. Ол Қалқаман шағын ауданында Aport ойын-сауық кешені жанында орналасқан, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аурухана 12 бөлімнен тұрады. Ішінде мельцер бокстары, палаталар, қабылдау-диагностикалық және жан сақтау бөлімшелері, зертхана, асхана және кір жуатын бөлім бар.

Сонымен қатар аурухана аумағында медициналық газдар станциясы, жергілікті тазарту құрылғылары, жедел жәрдем көліктерін дезинфекциялауға арналған жолбөгегіш және медициналық қалдықтарды жоюға арналған блок орналасқан.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған жаңа модульдік аурухана ашылды
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото - Sputnik Қазақстан
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған жаңа модульдік аурухана ашылды
"Жан сақтау бөлімшесінде 30 төсек бар. Зертханаға әртүрлі сынақ жүргізуге арналған жабдықтар қойылған. Қабылдау бөлмесінде зерттеу жүргізуге қажеттінің бәрі бар. Аурухана жұқпалы ауруларды емдеуге лайықталып салынған, науқастар басқа адамдардан үнемі оқшау болуы үшін әр блок жеке жұмыс істей алады. Палаталар 2-3 адамға арналған, әрқайсында жеке жуынатын орын бар. Әр науқасқа оттегі келіп тұрады. Аурухананың өз газ қазандығы бар, өзін жылумен қамтамасыз ете алады", - деді Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин.

Сонымен қатар аурухана аумағында балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы салынды.

"Қалада балалар ауруханасы 700 мың тұрғынға есептелген. Қазір бұл көрсеткіш екі миллионнан асты. Сол себепті осы жерде инфекциялық патологиясы бар балаларға арналған филиал ашылды", - деді Ержан Сералин.

Стационарда 322 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның бір бөлігі балалар жұқпалы аурулар стационарында қызмет етеді. Қалған дәрігерлер тағылымдамадан өтеді, олар қаладағы түрлі медициналық мекемелерге жіберіледі.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото - Sputnik Қазақстан
Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин
"Екінші толқын болып жатса, біз оған толық дайынбыз. Бұл аурухана халықаралық қауіпсіздіктің барлық стандартына сәйкес келеді және жаңа жабдықтармен жабдықталған. Көптеген тұрғын коронавирусқа арналған аурухананың тұрғын үйлерге жақын орналасқанына қатысты сақтық танытып жатыр. Дәл сол себепті Алматыдағы барлық стационарда медициналық қалдықтарды жоюға арналған станциялар орнатылған. Сондай-ақ, ауаны желдету жүйесі жұмыс істеп тұр", - деді Сералин.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз – министр Цой

Аурухананың тағы бір жаңалығы ретінде пациенттердің интерактивті картасын атауға болады.

"Дәрігерлер кабинетінде монитор орнатылған, онда пациенттердің жағдайы туралы барлық өзекті ақпарат көрініп тұрады. Жүйе қанша науқас бар екенін, қай блокта ем алып жатқанын, қанша адамның ауыр, аса ауыр хәлде жатқанын көрсетеді. Демек енді дәрігер науқастардың жағдайын білу үшін әр палатаға жүгірмейді", - деді Сералин.

© Sputnik / Тимур БатыршинАурухана халықаралық қауіпсіздіктің барлық стандартына сәйкес келеді және жаңа құрылғымен жабдықталған
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото - Sputnik Қазақстан
Аурухана халықаралық қауіпсіздіктің барлық стандартына сәйкес келеді және жаңа құрылғымен жабдықталған
Әр палата есігінің жанына терезе қойылған. Сол арқылы медицина қызметкерлері науқаспен қарым-қатынасқа түспей азық-түлік пен қажетті заттарды бере алады.

Аурухана бір уақытта 300-ге дейін науқасты қабылдай алады.

Айта кетейік, қаладағы екінші модульді аурухана екі айдың ішінде салынды. Өткен аптада оны Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тексеріп шықты. Аурухана науқастарды келесі аптадан бастап қабылдайды.

© Sputnik / Тимур БатыршинЖаңа модульдік аурухана екі айда салынды
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото - Sputnik Қазақстан
Жаңа модульдік аурухана екі айда салынды

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0