Өңірлер

Балалары бірге тұрудан бас тартқан ананың әрекеті жаға ұстатты – видео

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арызданушының әрекетін көрген полицейлер егер балалар бірге барудан бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлей алмайтынын ескерткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында отбасылық жанжал түсірілген видео әлеуметтік желіде кең таралды. Ажырасып кеткен әйел күйеуімен бірге тұрып жатқан балаларын алып кетуге келген. Алайда, жасөспірімдер анасымен бірге тұрудан бас тартқанымен, әйел оларды алып кету үшін күш қолданған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты.

Полицейлердің мәлімдеуінше, даудан кейін үш бала да әкесінің жанында қалған. Ал әйелдің қолында балалар өзімен бірге болуы керектігі жөнінде сот шешімі болған.

"Бұл оқиға 2 қазан күні Басқұдық ауылында болды. Әйел қолында сот шешімі болғанымен, бұрынғы күйеуім балаларымды бермеді деп учаскелік полицейге арызданған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор мен учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты жеріне барды. Ал балалардың таңдауы анасы қалағандай болмай шықты", – делінген ақпаратта.

Құқық қорғаушылар егер балалар өзімен бірге барудан бас тартса, оларды ешкім мәжбүрлей алмайтынын және олардың психикасына зақым келтірмеу керектігін арызданушы әйелге ескерткен. Оған қорғаншылық бөліміне хабарласуға кеңес берілгенімен, әйел ондай ұсыныстан бас тартқан.

"Қазіргі кезде балалар әкесімен бірге тұрып жатыр. Полиция қызметкерлері балалардың анасымен бірге барғысы келмейтінін көрген соң, арызданушы мен оның адвокатына сот орындаушыларымен бірге келуді сұрады", – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты

 

Жаңалықтар
0