Қоғам

Алматыда қыркүйекте жеті оқушы коронавирус жұқтырды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Алматыда қыркүйекте қашықтан оқу кезінде жеті оқушы коронавирус жұқтырған. Қала әкімдігі осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қыркүйекте мектеп оқушылары арасында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді. Барлығы қашықтықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны туыстарынан жұқтырғаны анықталды. Екеуі ЖРВИ белгілерімен дәрігерге жүгінген. Ал жетінші оқушы бронх демікпесінен шипажай-курорттық емделу алдында профилактикалық тексерістін өткен кезде вирус анықталды", - делінген ақпаратта.

Мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.

"Қалада инфекцияның тәуліктік өсім көрсеткіші өткен тәулікте 0,006%-ті құрады, таралу индексі  1-ден төмен. Ауруханалардағы орындардың 5%-інде ғана науқастар жатыр. Алматыда жағдай тұрақты, бұл шектеу шараларының нәтижесі. Қыркүйекте 165 адамнан коронавирус табылды, 194 адамда пневмония анықталды", - деді Бекшин.

Қазірге дейін қалада тұмау жағдайы анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0