Қоғам

Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМодульдік инфекциялық аурухана
Модульдік инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирустан үш мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың арасында 74 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 індетінен үш адам қайтыс болды. Ковидтік пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды, пневмониядан қайтыс болғандар жоқ.

71 пациент вирус жұқтырды, 193 адам пневмонияға шалдықты.

Жалпы пандемия басталғалы бері республикада 108 177 адамда коронавирус диагнозы расталды, 1743 науқас қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 33 571 пациентке жетті, 358 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: 6 қазаннан бастап карантин талабы күшейеді: жаңа қаулы шықты

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирус инфекциясынан 3 229 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 85 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 13-і хәл үстінде жатыр. 21 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0