НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында автокөлікте отырған үш бала Шаған өзеніне батып кетті. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Трагедия 3 қазан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұсында, Шаған өзенінде болды, деп жазады "Мой город" өңірлік басылымы.
Сағат 16.55-те "102" нөміріне бір әйел қоңырау шалған. Ол автокөлік суға батқанын, салонда үш бала болғанын айтты.
"Оқиға орнына полицейлер келді. Үш қызметкер балаларды құтқару үшін бірден суға секірді. Өкінішке қарай, оларды құтқару мүмкін болмады. 6, 7 және 9 жастағы балалар көз жұмды", - деп мәлімдеді полиция департаментінен.
Балалардың денесі судан шығарылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бір апта бұрын ер адам өз автокөлігімен Жайық өзеніне батып кеткен еді.