НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 3,
- Алматы қаласы – 2,
- Шымкент қаласы – 1,
- Ақмола облысы – 3,
- Ақтөбе облысы – 1,
- Алматы облысы – 3,
- Атырау облысы – 2,
- Шығыс Қазақстан облысы – 18,
- Батыс Қазақстан облысы – 2,
- Қарағанды облысы – 6,
- Қостанай облысы – 2,
- Қызылорда облысы – 1,
- Павлодар облысы – 4,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 13,
- Түркістан облысы – 1.
2 қазанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 108 106.
Пневмониядан бір адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан 1 адам көз жұмды, 166 адам дертке шалдығып, 53 науқас емделіп шықты.
Жалпы 1 тамыздан бастап 33 378 адам ауырып, 358 науқас көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 27 390-ға жетті.