Қоғам

Қазақстанның үздік мұғалімдеріне 2,7 млн теңге табысталды

© Sputnik / Владислав ВодневМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары төсбелгімен және 2 778 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанда Мұғалімдер күні қарсаңында үздік ұстаздар марапатталды. "Үздік педагог" атанған 64 мұғалімге төсбелгі мен 2 778 000 теңге сыйақы табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Мұғалімдер күні қарсаңында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты шара өтті. Мерекелік жиын барысында республикалық "Үздік педагог-2020" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

"Ең басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінгі күні елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша үлкен шаралар іске асырылуда. Қазіргі кезде ел президенті білім саласын ерекше назарға алып, өз жолдауында да осы мәселеге үлкен көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Жалпы бір-екі жылдың ішінде әріптестеріміздің айлығын екі есеге өсіру туралы тапсырма бар. Сол тапсырманы біз орындап жатырмыз", - деді министр өз құттықтауында.

Байқау жеңімпаздарына "Үздік педагог" төсбелгісі және 2 778 000 теңге (1000 айлық есептік көрсеткіш) ақшалай сыйақы табысталды. Білім министрі мерекелік шара бүгін республиканың барлық өңірінде өткенін атап өтті. 

Айта кетсек, республикалық "Үздік педагог" байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сегіз жылдың ішінде 432 мұғалім осы атаққа ие болды.

Биыл конкурсқа қатысуға 143 педагог өтінім берген. Өз саласында биік белестерді бағындырған 64 мұғалім үздіктердің қатарынан табылды.

Үздік мұғалімдердің жұмысын арнайы комиссия бағалады. Оның құрамына тәжірибелі әдіскерлер, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ата-аналар да кірді.

"Үздік педагог – 2020" байқауының жеңімпаздары  

  • Зәуреш Батырова – музыка пәнінің мұғалімі
  • Люция Подолько – бастауыш сынып мұғалімі
  • Еркегүл Сүлеймен – бастауыш сынып мұғалімі
  • Салтанат Құсайынова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Балия Жолаева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Санзира Қалбек – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Еркін Тобылбаев –  тарих пәнінің мұғалімі
  • Жайнагүл Әділова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Индира Байғожина –  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Мұрат Бұланов – математика пәнінің мұғалімі
  • Людмила Герман – бастауыш сынып мұғалімі
  • Айнұр Қабдуллина – арнайы пәндер мұғалімі
  • Арнұр Қазыбеков – физика пәнінің мұғалімі
  • Қанат Елубаев – тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі
  • Наталья Мельникова – бастауыш сынып мұғалімі
  • Жанар Сағатбекова –  математика пәнінің мұғалімі
  • Марал Нығметжанова – қазақ тілі пәнінің мұғалімі
  • Жандос Досыбаев – физика пәнінің мұғалімі
  • Жанар Жанғасиева – тарих пәнінің мұғалімі
  • Нағима Қаймалақова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Қанатбек Мұраталиев – арнайы пән мұғалімі
  • Мирболат Құспанов – қосымша білім беру педагогі
  • Гүлдана Нұғманова – тарих және құқық пәндерінің мұғалімі
  • Бану Түсіпханова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Мейрамгүл Табынбекова – тарих пәнінің мұғалімі
  • Қарина Нұғыманова – химия пәні мұғалімі
  • Елена Якимчук – биология және химия пәндерінің мұғалімі
  • Ләззат Ерденова – арнайы пәндер және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
  • Қанат Жұмағұлов – алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы
  • Зина Бердібекова – ән-әуез жетекшісі
  • Қуат Байназаров –  география пәнінің мұғалім
  • Майра Ізтұрғанова – музыка пәнінің мұғалімі
  • Қарлығаш Сүлейменова –  физика пәнінің мұғалімі
  • Жәмила Қарабасова – арнайы пән оқытушысы
  • Батис Мұратова – арнайы пән оқытушысы
  • Анар Әлдекенова – тарих және география пәндерінің мұғалімі
  • Серік Төлегенов – география пәнінің мұғалімі
  • Гүлмира Хамитова – биология пәнінің мұғалімі
  • Ольга Юсупова – физика пәнінің оқытушысы
  • Гүлнар Арықпаева –  француз тілі пәнінің мұғалімі
  • Айсұлу Баязитова – физика және математика пәндерінің мұғалімі
  • Ерлан Букенов – тарих пәнінің мұғалімі
  • Алексей Чернов – өндірістік оқыту шебері
  • Самат Мамбетов – математика пәнінің мұғалімі
  • Алтынай Молдадосова – тарих пәнінің мұғалімі
  • Диларам Анарбаева –  арнайы пән оқытушысы
  • Нұрдәулет Құдабаев – ағылшын пәнінің мұғалімі
  • Сандуғаш Парманова –  математика пәнінің мұғалімі
  • Светалана Муравьева –  арнайы пәндер оқытушысы
  • Салтанат Бисенгалиева – арнайы пәндер оқытушысы
  • Дана Байділдинова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Мират Оспанов – физика пәнінің мұғалімі
  • Гүлжанат Райысханова – химия пәнінің мұғалімі
  • Гүлбану Махамбетова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Динаш Оспан – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Жазира Жұматаева – тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі
  • Айгүл Ишанғалиева – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
  • Күлшат Сейсенбаева – бастауыш сынып мұғалімі
  • Елнар Ахметов –  арнайы пән оқытушысы
  • Жанат Байсүйеуева – математика пәнінің мұғалімі
  • Сәуле Шынасылова – математика пәнінің мұғалімі
  • Гүлзира Анартаева – орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Гүлдана Дәуленбаева – бастауыш сынып мұғалімі
  • Жадыра Шәбден –  химия пәнінің оқытушысы.
Жаңалықтар
0