Қоғам

Іс сотқа жолданды: миллиардтап қаржы жымқырған қызметкерлерді тергеу аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені жымқыру фактісі бойынша күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр

АЛМАТЫ, 2 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі астана әкімдігі мен "Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғаларына және қаржы жымқырды деген күдікке ілінген бірқатар азаматқа қатысты қылмыстық істің аяқталғанын хабарлады.

"Жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 миллиард теңгені жымқыру фактісі бойынша астана әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады", – делінген ақпаратта.

Сотқа жеті адам берілді. Ал "Астана LRT" басшысы Талғат Арданға қатысты сот шешімі сырттай шығып, оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Әрбір айыпталушының кінә дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сонымен қатар спортты дамытуға бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлаған "Туризм индустриясы және спортты қолдау" қорының бас директоры мен оның серіктесіне қатысты қылмыстық іс те аяқталды. Бұл іс бойынша да шешімді сот шығарады.

Оған қоса, "Астана" президенттік кәсіби спорт клубы" корпоративтік қорының басшылығы мен лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс те бітуге таяу екендігі белгілі болды. Қазіргі кезде велоспортты дамытуға бөлінген 520 миллион теңгені жымқыру фактісі бойынша күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Содан соң, іс айыптау актісімен қоса прокурорға жолданады.

Оқи отырыңыз: Әскери институттың есепшісі 28 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған

Сонымен қатар бірнеше мәрте пара алу күдігі бойынша денсаулық сақтау вице-министріне қатысты қылмыстық істі тергеу де жалғасып жатыр.

Айта кетейік, оған электрондық бақылау білезігін тағу арқылы "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жаңалықтар
0