Қоғам

Ресей Қазақстанға "Спутник V" вакцинасына жасалған сынақтардың нәтижесін береді

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVАмпулы с вакциной против коронавируса
Ампулы с вакциной против коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарын аяқтады және оның нәтижесін Қазақстанға беруге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ресеймен коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасы бойынша келіссөздер жүргізілгенін айтты.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі, оның айтуынша, ресейлік әріптестерімен бірге Гамалея орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан тұмауға қарсы 2,2 миллион вакцина сатып алды - сапасы қандай? 

"Жақында ғана келіссөздер жүргізілді. Біздің ресейлік әріптестеріміз сынақтардың үшінші кезеңі аяқталып жатқанын мәлімдеді, сондықтан олар бізге вакцинаның қаншалықты тиімді және қауіпсіз екендігін көрсету үшін клиникалық зерттеулердің нәтижесін толықтай ұсынуға дайын. Біз нәтижені күтіп отырмыз, сол тұжырымдар негізінде өз қорытындымызды жасаймыз", - деді Алексей Цой брифингте.

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп жасаған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Ол "Спутник V" деп аталды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Самұрық-Қазына" қоры Ресеймен COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны сатып алу туралы келісім жасады.  

Жаңалықтар
0