Аңдатпа

Қазақстанда 2 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

2 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандағы жануарларға ізгілікпен қарауды заңнамалық реттеу мәселелері бойынша конференция. Конференцияға мәжіліс депутаты Снежанна Имашева, Нұр-Сұлтан әкімдігінің, Қазақстанның әр түрлі қалаларынан жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері де қатысады. Конференцияны ұйымдастырушылар: "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ және жануарларды қорғау қауымдастығы INUCOBO. Өтетін орны: Мәңгілік ел даңғылы, 55, ЭКСПО аумағы, С 1.4 павильоны. Барлық сұрақтар бойынша: inucobo.association@gmail.com, 8 701 722 86 12, 8 775 326 23 14.

10.00 – Корея Республикасының Ұлттық күніне орай кореялық "Universal Ballet" труппасының орындауындағы "Чунхян" шығармашылық балет спектаклін онлайн қарау (көрсетілім kaz.korean-culture.org сайтында).

11.00 – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметіне қатысты өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізеді. Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы 7, акт залы мекенжайында, сонымен қатар коронавирус індетін таратпау мақсатында департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде өтеді. Жария тыңдауға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады. Анықтама үшін телефон: 8(7172) 36-11-57. БАҚ-ты аккредиттеу 1 қазан сағат 15.00-ге дейін созылады. Аккредиттеу мәселелері бойынша 8 (7172) 36-11-57, 87475793889 телефондары немесе zh.kenzhetaeva@economy.gov.kz, uaremast@mail.ru мекен-жайы арқылы сұрауға болады.

11.00 – Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жұмысының ашықтығы туралы қабылданған декларация шеңберінде "Open Space" қағидаттары бойынша тауар нарықтарына қатысушылардың проблемалары мен шағымдарын онлайн форматта талқылау. Іс-шара барысында "Open Space" жұмысының жаңа форматы, Ұлттық жобаның міндеттері, Қазақстандағы бәсекелестікті дамыту стандарттары, муниципалды көмір, сұйытылған мұнай газы мен жанар-жағармай нарығының мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, монополияға қарсы орган қызметкерлері "Open Space" шеңберінде әр аптаның жұма күнінде үкіметке қолжетімділікті шектеу мен квазимемлекеттік сатып алуларға, бизнесті субсидиялау мен мемлекеттік қолдаудың тең емес шарттарына, монополистік желілерге қосылудан негізсіз бас тартуға және энергетикалық ресурстар, қызмет көрсету операторларының тұтынушылардың құқықтарын бұзуы және бәсекелестікке қатысты басқа да шектеулер жөніндегі мәселелерді онлайн режимде талқылайды (аккредиттеу +7 701 369 61 28 телефоны арқылы немесе madina_daurenovna@mail.ru электрондық поштасы арқылы).

11.00 – "Әлқожа ата кеңесі" бейне туры, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы (Музейдің Facebook парақшасында хабар тарату).

АЛМАТЫ

10.00 – Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің жаңа филиалының тұсаукесері. Мектеп балалар шығармашылығы мен халықаралық мәдени-ағартушылық бағытта тәжірибе алмасуды кеңінен насихаттауда көп жұмыс істейді. Сонымен қатар халықаралық фестивальдарға жиі қатысады. Филиалда үш бөлім болады: бейнелеу өнері, технология және дизайн, компьютерлік графика (6 мөлтек аудан, 60 үй. Аккредиттеу +7 778 905 6659 телефоны немесе a.tokusheva@spkalmaty.kz электрондық поштасы).

15.00 – "Акварельный фреш" көрмесі. Музей кеңістігінде осы көрмеде 100-ден астам қазақстандықтың акварельді суреттері ұсынылады (Орталық мемлекеттік музей, Самал-1 ықшам ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 727 264 26 80).

18.00 – Алматыдағы Алға Dance биі серуені ("Атакент" көрме орталығы).

18.30 – "Таза ауадағы опера" автоконцерті. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері – Жәмилә Баспақова мен Александр Сметанин әлемдік опера хиттерін орындайды ("Тикетон Атакент" автокинотеатры, Тимирязев көшесі, 42к22).

19.20 – "Титаник" фильмінің тегін көрсетілімі (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

3 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

10.00 – "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ұйымдастырған күзгі жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі. (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің орталық кеңсесі, Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы, 26)

19.00 – "Человек-подушка" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

АЛМАТЫ

12.00 – Қазақстанда туылған үздік сәйгүліктер жарысы. Кіру тегін. Сондай-ақ, шара аясында концерттік бағдарлама, көше тағамдары, халық шығармашылығы жәрмеңкесі өтеді. Тілек білдірушілер атқа мініп жүруден сабақ ала алады (Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10. Толығырақ ақпарат мына сілтемеде).

19.20 – "Ла-Ла-Ланд" фильмінің тегін көрсетілімі (Алматы, Hide Park, Тимирязев көшесі, 42к17).

10 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР    

19.00 – "Смешные деньги" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

18 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстандық Virtual Half Marathon онлайн-марафон. Шараға 18 жастан асқан Қазақстан бойынша кез келген әуесқой спортшы қатыса алады. Жеке және командалық эстафета қашықтығы – 21,1 шақырым. Оны спортшының өзі немесе қатысушылар бөлісіп те жүгіре алады. Командалық есепте 21,1 шақырымды Қазақстанның үш қаласынан үш адам қатысады және командалар жасына қарамай жасақталады. Бір қаладан бірнеше адам бір команда құрамында қатысуына болады, бірақ олар жүлделі орынға иелік ете алмайды. Тіркеу 16 қазанға дейін немесе қатысушылар саны 1 500 адамға, жеке жүгіру – 1 200 адам, эстафета – 100 командаға жеткенше жалғасады (тіркелу мына сілтеме бойынша).

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР    

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР     

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0