Өңірлер

Баласына қарыз болған Екібастұз тұрғыны төрт бөлмелі пәтерінен айырылды

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги, архивное фото
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның атындағы төрт бөлмелі пәтер электронды аукцион арқылы 4,6 миллион теңгеге сатылды. Оның 2,2 миллион теңгесі алимент ретінде баласына берілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Алимент төлеуден қашып жүрген ер адам төрт бөлмелі пәтерінен айырылды, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметі.  

Ресми мәліметке сәйкес, Екібастұз қаласының тұрғыны 2016 жылдан бері алимент төлемей жүрген. Содан бері оның берешегі 2,2 миллион теңгеден асты.

"Сот орындаушы борышкерді бірнеше рет шақырып, баласына алимент төлеу қажеттігін ескертті. Алайда ол сот шешімін елемей, туған баласына көмектесуге асықпады", - дейді мамандар.

Жақында Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыным берген. Соның негізінде ер адамның атындағы төрт бөлмелі пәтер электронды аукцион арқылы 4,6 миллион теңгеге сатылды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда алимент төлемей жүрген борышкердің қымбат көлігі тәркіленді 

"Балаға заңмен белгіленген 2,2 миллион теңге берілді, қалған ақша борышкерге қайтарылды", - деп атап өтті сот орындаушылары.

Айта кетейік, Екібастұз қаласында төрт бөлмелі пәтерлердің бағасы 9 миллион теңгеден басталады.

Жаңалықтар
0