Қоғам

Базардағы құс өнімдерін тұтыну қауіпті ме – министрлік өкілдері жауап берді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуМясо птицы
Мясо птицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ветеринариялық-санитариялық инспектор өнімнің базарда сақталуын, сатылу тәртібін күнделікті бақылап отырады, деп атап өтті Тұрсын Қабдолданов

АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов базарлардағы құс өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нарықтағы, базардағы өнімдердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Олар базарларға жеткенге дейін ветеринарлық ілеспе қағаздармен бірге келеді. Ілеспе қағазды берген кезде ол өнімдердің барлығы тексеріледі. Өндірілген өнімді тексеретін зертхананың сараптамасы болғаннан кейін оған ветеринариялық анықтама беріледі", - деді Қабдолданов.

Айтуынша, базарға келгеннен кейін ветеринариялық-санитариялық инспектор өнімнің базарда сақталуын, сатылу тәртібін күнделікті бақылап отырады.

Сондықтан базардағы құс өнімдерінің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген деп толық айта аламыз, деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Қабдолданов құс тұмауымен ауырған адам тіркелмегенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты 

Айта кетейік, Қазақстанда құс тұмауының ошағы алдымен Ресеймен шекаралас өңірдегі облыстарда анықталды. Кейіннен құс тұмауы елдің бірнеше облысына тарап, 48 елді мекенде карантиндік шара енгізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, қыркүйектің соңында Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында құс өлімі тіркелмеді. Солтүстік Қазақстан мен Павлодар, Қостанай облысында қырылған құстың саны азайды.

Жаңалықтар
0