Қоғам

Қашықтан білім алып жатқан 73 оқушы коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Балалар арасында инфекция симптомсыз немесе жеңіл жағдайда өтіп жатыр. Бес бала ғана стационарға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қашықтан сабақ оқып жатқан 73 бала коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарға барған 36 бала коронавирусқа шалдықты. Олармен байланыста болған 575 оқушы анықталды. Олардың ішінде тағы 10 баладан вирус табылған.

Оқи отырыңыз: Министрлік Кавасаки синдромынан қайтыс болған балалар жайлы ақпарат таратты 

"Балалар арасында инфекция симптомсыз немесе жеңіл жағдайда өтіп жатыр. Бес бала ғана стационарға жатқызылды", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ол бір сыныптан коронавирус шықса, барлық сынып карантинге жабылатынын атап өтті.

"Бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай қалды. Балалар бірінші тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады", - деді Ғиният.

Вице-министр қашықтан білім алып жатқан 73 бала коронавирус жұқтырғанын да атап өтті. Олармен байланыста болған 242 адамның 15-і індетке шалдыққан.

Жаңалықтар
0