Саясат

Тоқаев экс-министр Жұмағалиевке жұмыс тауып берді

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жумагалиев Аскар
Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жумагалиев Аскар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мағжан Ілиясов Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

Асқар Жұмағалиев жайлы не білеміз?  

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Одан кейін "Радиобайланыс, радиотарату және теледидар" мамандығы бойынша қазақ ұлттық техникалық университетінде оқыды. Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білімін алған.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолын 1996 жылы "Жарық" ЖШС бас директоры қызметінен бастады.

Әр жылдары "Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығының" басқарма басшысы, "Қазақтелеком" АҚ-ның президенті, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып еңбектенді.

2019 жылдың маусымында жаңадан құрылған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне басшы болып, осы жылдың 20 шілдесінде қызметінен босатылды.

Жаңалықтар
0