Саясат

Тоқаев Кувейт халқына көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады

АЛМАТЫ, 30  қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, марқұмның әулеті мен барша отандасына Қазақстан халқы мен өз атынан көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты 

"Шейх Сабах парасатты да көреген саясаткер, бейбітсүйгіш бітімгер ретінде әлемге танымал болып, оның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алғаны кеңінен мәлім. Бауырыңызды Біріккен ұлттар ұйымы "гуманитарлық көсем" деп тануы да осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Қазақстандықтардың жадында шейх Сабахтың есімі Қазақстан мен Кувейттің берік достығы мен сан қырлы ынтымақтастығын дамытуға сүбелі үлес қосқан қайраткер, Отанын шексіз сүйген азамат ретінде мәңгі сақталады", - делінген президент жолдаған жеделхатта.

Айта кетейік, шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабах 2020 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болды.

Жаңалықтар
0